Текст
14.02.2020 Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде "Абай - дана, Абай - дара қазақта" тақырыбымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Оқушылар Абайдың өлеңдерін оқып, мұғалімдер "Көзімнің қарасы" әнін орындады. "Шегіртке мен құмырсқа", Он жетінші қара сөзіне байланысты сахналық қойылым көрсетілді. "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі үш тілде неміс, орыс, қазақ тілінде оқылды. Кештің соңында Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Кеш "Желсіз түнде жарық ай", "Айттым сәлем Қаламқас" өлеңдерімен аяқталды. Абайға арналған буклеттер жасалып, презентация көрсетілді. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.