2021 жылдың 11-12 наурызы аралығында «Экология- өмірдің жүрегі» атты облыстық экологиялық олимпиада онлайн режимінде өтті. Іс-шара жастардың назарын туған өлкенің экологиялық - өлкетану мәселелеріне аударуға бағытталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Табиғат бесігі» кіші жобасы аясында болды. Олимпиадаға Бурабай ауданынан Зелёный бор мектеп-гимназиясы, Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Ұрымқай жалпы білім беретін мектептерінен 2 номинация бойынша 4 оқушы бақсынасты. Жалпы қорытынды бойынша «Экологиялық қоңырау» номинациясында Батан Құндыз (Ұрымқай а. мектебі) 1-орын иеленіп, Вестова Милана (Зелёный бор а. мектеп-гимназиясы) және Городецкая Екатерина (С. Сейфуллин атындағы мектебі) орталықтың арнайы грамотасымен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!