"Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" ұлттық ақпараттық кампаниясы аясында Бурабай кентіндегі С.Сейфуллин мектебінде мектеп директорымен бекітілген іс-шаралар жоспары құрылды. Мектептің әлеуметтік педагогы М.С. Жаманбалинова, директордың ТІ жөніндегі орынбасары А. С. Серикбаев мектептің бекітілген шағын учаскесі бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтік іс – шараларды өткізу кезінде ауыр және зиянды жұмысқа тартылған кәмелетке толмаған балалар анықталған жоқ.
2021 жылдың 1 маусымынан бастап "балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық компаниясы аясында ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларға және олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ оларға психологиялық көмек көрсетілді.
Ата-аналармен әңгімелер жүргізілді, олар ҚР Еңбек кодексінің он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда қолдануға тыйым салынатын 179-бабы туралы, сондай-ақ "он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, қызметкерлердің ауырлықты тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 185 -, жасы он сегізге толмаған".