Жас буынды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде ұлттық маңызы бар қасиетті де киелі орындарының маңызы айрықша. Солардың бірі – Бурабай кентінің тарихи-өлкетану мұражайы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында туған жердің тарихын терең білумен қатар одан да маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға болмайтынын ерекше атап көрсеткен еді. «Өз өлкенді таны және оны сүйе біл» атты мектепішілік өлкетану ойыны барысында Бурабай кентінің тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Бұл сапарымыз жас бүлдіршіндердің туған өлкеміздің тарихын кеңінен тануға және ұлттық құндылықтарымызды ардақтауға, сондай-ақ отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерге тәрбиелейді.