Сәуірдің 12 жұлдызында Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жастар жылына арналған «Burabay marathon» атты мектеп оқушылары мен Бурабай кенті тұрғындары арасында жүгүруден жарыс өтті. Аталмыш жарыс оқушыларды, кенті тұрғындарын салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, дене шынықтырудың рөлін көтеру. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу шараның басты міндеті.
Мұндай шара кентімізде алғаш рет өз бастауын алды. Айта кетсек, әр жас санаты бойынша жылдамдық жағынан алғашқы үштікке енген қатысушылар медаль мен мақтау қағазымен марапатталды.
Жарысқа 150-ден аса оқушы мен кентіміздің тұрғындары қатысты. Қатысушы марафонға жастар үлесі басым болды.
Осындай шараны ұйымдастырғаны үшін: дене шынықтыру пәні мұғалімі Нурушев Ильяс Негметоллаұлына, АӘД пәні мұғалімі Сатбаев Чакирт Шайдарханұлына, мектеп тәлімгері Серикбаев Акжол Серикбайұлына, Бурабай кенті әкімшілігіне, «Бурабай даму» ЖШС ұжымына және белсенділігімен көзге түскен РОО «Бурабай» ұжымына алғысымызды білдіреміз.