Бурабай ауылындағы С.Сейфуллин атындағы мектептің әкімшілігі, ата-аналары мен оқушылары мектебіміздің 2005 жылғы түлегі, қазір Мәскеу қаласында тұратын Денис Сергеевич Шуваловқа демеушілік көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдіреді:
- спорттық жабдықтар, баскетбол, футбол, волейбол, теннис, волейбол торлары, үстел теннисі ракеткасы, арқандар, кілемшелер және т.б.;
- музыкалық аппаратура, USB;
- STEM микроскоптары, қаламдар, USB порттары үшін сплитерлер және т.б.
Барлық сыйлықтар біздің оқушылар шығармашылық және спорттық жарыстар мен байқауларда бұдан да жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Денис Сергеевичке одан әрі бизнесте өркендеу және денсаулық тілейміз! Жасаған игі істеріңіз сізге сәттілік, табыспен оралсын! Біз түлектерімізді әрқашан еске алып, туған мектебімізге келуді асыға күтеміз.