2020 жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Осыған орай, 30 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде тойлау туралы жарлық шығарған болатын. Ел президентінің бастамасынан кейін ұлы ақынның мерейтойын ауқымды түрде атап өтуге жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті.
Осыған орай мектебімізде бүгін 2-4 сынып оқушылары арасында "Абай оқулары" сайысы өтті.
Абай оқуларының мақсаттары:
1. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,
2.Оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;
3. Адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.