Текст
Бүгін 6-ақпан күні мектебімізде Өзін-өзі тану онкүндігінің жоспарына сай "Алтын жүрек анамыз" атты мәнерлеп оқу және "Ән көңілдің ажары" атты бастауыш сыныптар арасында ән айту байқаулары өткізілді. Байқауға мектеп оқушылары жақсы дайындықпен қатысты.
Және де "Сүйіспеншілікпен өмір сүру" тақырыбында мектеп оқушыларына бейнебаян, презентациялар көрсетілді. Бұл іс-шарадан көрермендеріміз жағымды әсер алды деген ойдамыз.