Текст
Бүгін 7-ақпан күні Өзін-өзі тану онкүндігінің жоспарына сәйкес мектебімізде "Қайырымдылық жер бетінде" атты театрланған қойылым импровизация байқауы өткізілді. Оқушылар бұл байқауға белсенді қатысты. Сонымен қатар мектеп фойесінде ұйымдастырылған "Әлем балалар көзімен" атты сурет, қолөнер көрмесін бағалап, қорытындыладық. Және де мектеп фойесінде Өзін-өзі тану онкүндігінің құрметіне орай фото аймағы ұйымдастырылды.