«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Сакена Сейфуллина поселка Бурабай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сенім телефоны

02.10.2023

     Сенім телефоны-бұл кез-келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін жасырын түрде жүгіне алатын және өз сұрағына жауап алатын қызмет.

     "Сенім телефоны" жұмысының мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің отбасылық қолайсыздығының, стресстік және суицидтік көңіл-күйінің алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасын нығайтуға ықпал ету. "Сенім телефоны" жұмысы қоңырау шалушыны қызықтыратын мәселелер бойынша хабардар етуге, күндізгі кеңес беру және практикалық көмек алу үшін маманды сауатты таңдауға мүмкіндік береді.

Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес құрылады:

құпиялылық;

қол жетімділік;

абонентке құрмет;

абонентті тыңдау.

Құрметті оқушылар, ата-аналар! Өмірлік қиын жағдайлар туындаған жағдайда сіз әрқашан сенім телефондарынан көмек сұрай аласыз. Сенім телефоны-бұл анонимді жедел психологиялық көмек қызметі.

"111" бірыңғай call-орталығы-Қазақстан Республикасындағы қоңырау тегін, тәулік бойы сенім телефоны. Сізге білікті психологиялық көмек кедергісіз көрсетіледі.

150-балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны

Просмотров: 2633


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст