Текст
Бурабай кентінің 20-ӨСБ бірлесіп, 2020 жылдың 3 наурызында мектеп оқушылары мен қызметкерлерін ғимараттан эвакуациялау бойынша практикалық жаттығу жаттығулары ұйымдастырылды және өткізілді. Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру және қоғамдық тәртіпті қорғау топтарының іс-әрекеттері, автоматты өрт дабылын қосу және "дабыл" сигналын жариялау кезіндегі адамдардың іс-әрекеттері, сондай-ақ осы топ мүшелерінің өз функционалдық міндеттерін орындауы тексерілді. Сабақ барысында оқушылар жеке кабинеттен және мектептің қабаттарынан ұйымдастырылған шығу бойынша алғашқы практикалық дағдыны алды, үй-жайдағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтармен танысты.
Оқу-жаттығу барысында барлығы 224 адам жұмылдырылды.