Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында жоспарға сәйкес іс-шаралар, байқаулар мен ашық сабақтар өтті.
Ж.Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке зор мән берген деген пікірлермен бастап бейнеролик көрсетіліп, онкүндіктің салтанатты ашылуымен Нурумова Жумабике Дауленовна құттықтады. Абишева Гульназ Балтабаевнаның 3 сынып оқушылары тақпақтар айттып, ән орындады. Абишева Г.Б. онкүндіктің барысындағы өткізілетін іс-шараларға қысқаша тоқталып айтып кетті.
Шараның басты мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, жалпы адамзаттық құндылықтар
туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.
Мектеп кітапханашысы 2018 жылы 02 - 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне байланысты мектеп кітапханасында Исмаилова Зейне Искаковна «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрме ұйымдастырды.
2018 жылы 02 ақпанда бастауыш сынып мұғалімдері Абишева Г.Б., Жалмуканова Ш.К. ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Мектеп кітапханашысы Исмаилова З.И. мен бастауыш сынып мұғалімі Жалмуканова Ш.К. қазылық етті.
Мәнерлеп оқу байқауына 3-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Абай, Шәкәрім, Мұқағали, Ыбырайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде 2018 жылы 09 ақпанда бастауыш сынып оқушылары Абылайхан алаңындағы сырғанаққа барды. Сырғанаққа мектеп арнайы автобуспен оқушыларды апарды. «Қазақстан» телевидениясының операторлары келіп, оқушылардан интервью алды.
Абишева Гульназ Балтабаевна 3-сыныпта «Дос болайық бәріміз» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Жалмуканова Ш.К. 4 сыныпта «Сүйіспеншілік – өмір өзегі» атты ашық сабақ өткізді.
12.02.2018 жылы өзін-өзі тану онкүндігінің жабылуы өтті.