Тақырып: Сүйіспеншілік – өмір өзегі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жақсы көру, қадірлеу, сыйластық
Cынып: 4
Оқушылар саны: 11
Сабақ мақсаты: оқушыларға сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - оқушылардың риясыз сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту; - жақсы көру,қадірлеу, сыйластық қасиеттерін дамыту; - туған елін, жерін, ата-анасын және баршаны риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.
|
Ресурстар: Интербелсенді тақта, оқулық, дәптер |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Тыныштық сәті. №1 «Нұрға бөлену» 3мин. 2.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин. 36- беттегі Автор Р.Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін оқу, талдау Сұрақтары: 1.«Бәрінің бастауы-Махаббат!» -деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Махаббат,жақсы көру неліктен адамның жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді? 3.Достықтың,сүйіспеншіліктің, яғни, махаббаттың қандай түрлерін білесіңдер? 4.Риясыз махаббат дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Сабақ барысын талқылау: Балалармен сәлемдесу. Құралдарын тексеру.
Оқушылардың пікірін тыңдау. |
Дәйек сөз. 2мин. Сүйіспеншілік – жүректен. Ш.Құдайбердіұлы Дәйек сөз тақтаға жазылады. 2 рет ұлдарға, 2 ретқыздарға айтқызу. Барлығы бірге айту. Дәптерге жазу. |
|
3.Әңгiмелеу 10мин. Бір ананың жеті қызы (В.Сухомлинский) «Даналық сабақтары». Аудармалар Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде олар алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады. Талқылау сұрақтары: 1.Әңгімеден не түсіндіңдер? 2.Қыздары аналарына сүйіспеншіліктерін қалай білдірді? 3.Жетінші қызы анасына сүйіспеншілігін қалай білдірді? 4.Сендер өз аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?
|
Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.
|
4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 10мин. 1-топ Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді хат арқылы жолдайық. Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарына сәйкес келесі өлең жолдарын толықтыруды ұсыну. 2-топ Отан Қорғаймын мен ,... Кең байтақ өлке ... Көсіле жатқан ... Сатпаймын мен ... 3 топ Табиғат Жер ана бізге үн.... , Қорғаңдар әсем ..... Қорғап , сақта ….., күтіп , бапта ..... 4 топ Сен бақытты ұлансың Анаң-күнің,... Әкең-өмір..... Сен бақытты.... Бәрі саған...
Өз жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.
|
Қима қағаздар таратылады.
|
5. Үй тапсырмасы. 3мин. 1.«Менің анам» деген тақырыпта эссе жазу,өлең шығару,сурет салып келу. 2.Оқулықтағы 40 беттегі «Отбасы татулығы» мәтінін оқып келу
|
|
6.Топпен ән айту. 4мин. «Ана туралы жыр» Сөзі Ғ.Қайырбектов әні Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арнаған. Қайырмасы: Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін, Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін. Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым. Іздедім сен үшін әлемнің асылын. Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені, Сыйлар ем ай күнін, қолыма түспеді.
|
Әнді барлық оқушылар бірге орындайды. |
7. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады. (3мин) Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! |
Сабақты қорытындылау. |