Бурабай кенті Сәкен сейфуллин атындағы орта мектебінде
2018 жылы 02 - 12 ақпан аралығында
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
онкүндігінің ашылуына арналған жалпы мектептік салтанатты саптық жиын өткізілді.
“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан.
Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген деген пікірлермен бастап бейнеролик көрсетіліп, онкүндіктің салтанатты ашылуымен Нурумова Жумабике Дауленовна құттықтады. Абишева Гульназ Балтабаевнаның 3 сынып оқушылары тақпақтар айттып, ән орындады. Абишева Г.Б онкүндіктің барысындағы өткізілетін іс-шараларға қысқаша тоқталып айтып кетті.Бүгін мектеп кітапханасында «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілікбағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі өтеді.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне оқушылардың барлығы белсенді қатысуы туралы айтылды.