Текст
Бурабай кенті Сәкен сейфуллин атындағы орта мектебінде 2018 жылы 02 - 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне байланысты мектеп кітапханасында Исмаилова Зейне Искаковна «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрме ұйымдастырды.
Оқушыларға Сара Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына, оның ішінде қайырымдылық қызметіне қысқаша шолу жасап, оның авторлығымен жарық көрген еңбектерге сипаттама берді. Жанболат Ақмарал «Кел балалар оқылық!» Ыбырайдың өлеңін айтып берді. Басқа оқушылар Сара Алпысқызына арналған өлең-шумақтарды дауыстап, мәнерлеп оқыды. Көрмеге Сара Алпысқызының портреті, сөздері, және көптеген кітаптар қойылды. Оқушылар көп мағлұмат алды.