Бiз тәуелсiз елiмiздi сақтап, болашағы зор, дамыған мемлекетке айналдық. Елiмiздi бүкiл әлем танып, көк туымыз биiк шыңдарда желбiреп келедi. Мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар құрылып, әр саланы дамытуға көмек көрсетiліп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың қаңтардың 9-ы күні Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады. Елбасы өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті.
Жолдауда Елбасы жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Бірінші кезекте Елбасы: жаңа технологияларды еңгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Елбасы.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. 2017 жылдан бастап еліміздің барлық мектептерде жаңартылған білім беру жүйесіне көшті. Әрине еліміз де, білім сапасы да болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуде.
Жолдау мазмұны жылдан жылға алдымызға батыл міндеттер қояды. Бізге барлық қиындықтарды жеңуге және мақсатымызды жүзеге асыру үшін өз күшімізді тағы да қолдану қажет. Елбасы мен мемлекет қазақ халқының өздерінің өмірін жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасайды. Біздің тәуелсіз еліміздің болашағы оның әр адамның қолында. Біз жоғары мақсаттар қоямыз, оған қолымыз жету үшін барлық күшімізді салуымыз қажет, сонда ғана біз ең дамыған елдер дәрежесіне шыға аламыз.