«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Сакена Сейфуллина поселка Бурабай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.11.2017

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің мектебімізде бастауыш сыныптар арасында 13.11.2017 ж. «Жолда жүру ережелері» атты сынып сағаты өтті.

«Жолда жүру ережелері» атты сынып сағаты Шаяхмет Айдар Ризабекұлының қатысуымен өтті. Айдар Шаяхметов әскери полициясының аға маманы қызметін атқарып жүр. Ол 1-сынып оқушысының ата-анасы, әрі Шаяхмет Райымбектің әкесі. Ол «Жол белгілері» тақырыбына өзінің дайындаған презентациясымен таныстыра отырып, оқушыларға көптеген сұрақтар қойды. Оқушылар қойылған сұрақтарға белсенді қатыса отырып, жауап қайтарды. Оқушылар «Жол белгілері» туралы көптеген пайдалы кеңестер алды. Сынып сағаты қызықты да, көңілді өтті. Міне осындай белсенді де, өз қызметіне адал әрі жауапты ата-анаға алғысымыз шексіз! Жұмысыңызда табыс, отбасыңызда бақыт тілейміз!

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст