«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Сакена Сейфуллина поселка Бурабай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25.04.2017

Жас ерекшелігіне қарай балаңызға беретін кеңестер де әртүрлі болып келеді. Мәселен,7-8 жас аралығындағы балаата-анасы отыруға рұқсат етпейтін сайт немесе әлеуметтік желілерге кіруге тырысады. Олар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана ғаламторды қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының ғаламторда не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламаларды қолдануы керек. Нәтижесінде бала өзінің үнемі бақылауда екенін түйсінеді.

Кеңес

Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін жасаңыз және оның орындалуын талап етіңіз.

Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз оны бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды және оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз.

Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болуы керек.

Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз.

Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз.

Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз.

Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз.

Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажап емес.

9-12 жас аралығындағы балағаламтордан қандай ақпарарт алуға болатынын біледі. Олардың ән тыңдап, әлдене оқуға ниеттенуі де қалыпты жағдай. Ғаламтордағы ата-ана бақылауы (Родительский контроль) арқылы керексіз материалдарды бұғаттап тастауға болатынын естен шығармаңыз.

Кеңес

Жоғарыда жазылған кеңестер осы жастағы балаларға да қатысты. Қосымша: балаңызға Ғаламтордағы кіруге болмайтын сайттар туралы және неге кіруге болмайтынын айтыңыз.

Электронды поштасының парольін беруін талап етіңіз және ол оның бейтаныс адамдармен сөйлеспейтініне көз жеткізу үшін керек екендігін түсіндіріңіз.

Балаңызға Ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін, ақ пен қараны ажырата білуді үйрену керек екендігін түсіндіріңіз.

13-17 жас аралығындағы бала белсенді түрде іздеу тетігін басып, электронды поштаны қолданады және достарымен өзара хабарлама алмасып, компьютеріне музыка мен фильмдер жүктейді. Ұлдар барлық шектеудің шекарасын бұзып, Ғаламтордағы құмар ойындарына қызығып, «үлкендерге арналған» сайттарды қарағанды жақсы көреді. Бұл жастағы балаларды бақылау ата-ана үшін қиынға соғады, себебі балалары Ғаламтордың қыр-сырын ата-аналарынан да жақсы білуі мүмкін.

Кеңес

Жоғарыда жазылған кеңестер осы жастағы балалардың ата-аналарына да қатысты. Қосымша: балаңыз қандай сайт пен әлеуметтік желіде көбірек отыратынын білуіңіз керек және олар көп отыратын сайт пен әлеуметтік желілерді жақсылап зерттеңіз.

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст