«Наурыз» - дегеніміз күн мен түн теңеліп, жердегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған. Бұл мереке еліміздің барлық аумақтарында басталып жатыр.
Наурыз айының 18-ші жұлдызында Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптарында «Наурыз» мейрамы тойланды. Мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушыларды талғампаздыққа, әсемдікке баулу.
Зал іші безендендіріліп, тойды ата-аналардың тілектері мен шашу шашумен қосымша көктем музыкасымен аштық. Мерекемізге директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Нурумова Ж.Д. мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурушева А.Н. келіп өздерінің жылы тілектері мен лебіздерін білдірді. Осы тойда бастауыш сынып мұғалімдері Абдрахманова А.Б, Имаканова Р.С, Есимова М.О, Жалмуканова Ш.К. той ашар әндерін орындап берді. Залға әр сыныптың дастарқандары жайылды.Дастарқандар түрлі ұлттық тағамдар мен аққа толы болды. Әр сынып оқушылары белсенді қатысып,әндері мен билерін көрсетті.Сонымен қатар қызықты көріністерін де тамашаладық.Оқушылар шығыс халқықтарының: татар,тәжік,өзбек,ұйғыр қазақ ұлттық билерін де тамаша билеп,қонақтарды таң қалдырды. Ата-аналар да өздері дайындап келген өнерлерін ұлттық салт-дәстүрлерін оқушыларға дәріптеп әңгімелей отырып,көрсетті. Тойда ұлттық ойындардың ішінен «Арқан тартысу», «Білек сынасу», «Асық ойыны» ойнатылды. Тойымызды «Қара жорға» биімен аяқтадық. Оқушыларымыздың жүзінен көктемнің белгісін,тойдың сәнін,ұлттымыздың болашағын сездік. Тойымыз керемет, тартымды,қызықты өтті.