Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі» сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың құрылымы: Ойынға 6 оқушыдан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші кезеңнен кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Құрметті әріптестер, оқушылар ! Бүгінгі қазақ тілінен "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды гуманитарлық пәндердің онкүндігіне арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына - деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Нурумова Ж.Д.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Нурушева А.Н.
Гуманитарлық пәндердің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Ахметбекова Б.С.
Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1 кезең. «Әріп сайысы»
2 кезең. «Ғажайып жетілік»
3 кезең. «Вагон» ойыны
4 кезең. «Бейнесұрақтар»
5 кезең. «Ғажайып қазақ тілі»
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа, - деп сайысымызды бастайық.
І кезең «Әріп сайысы» деп аталады.
Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулерің керек. Барлық әріптерді қолдану керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-топ (А, Е, Т, О, С, И)
1. Қандай елде тұрасың?
2. Қыздар неден қорқады?
3. Досың кім?
4. Қазір жылдың қай мезгілі?
5. Бүгін қандай күн?
6. Жасың нешеде?
7. Қандай тағамды ұнатасың?
8. Бала оқытатын адам?
9. Жерде не бар?
10. Жігіттер сырға таға ма?
2-топ (Ә, Б, М, Ы, Д, Ж )
1. Мақал білесің бе?
2. Сыныпта неше оқушы бар?
3. Қандай қаланы білесің?
4. Сен тұратын жерді ата.
5. Бір зат есімді ата.
6. Кім болғың келеді?
7. Сенің анаң қандай?
8. Жазушыны ата.
9. Қазақстанда қандай аң бар?
10. Алма тәтті ме?
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп?
- Ойынымыздың келесі кезегі
ІІ кезең «Ғажайып жетілік» деп аталады.
«Ғажайып жетілік» кезеңінің шарты: экранда берілген әр түрлі тақырыптармен оған қатысты ұяшықты таңдап дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы ұпай топқа беріледі. Жауап жоқ болса, сұрақ келесі топқа беріледі.
(«Ғажайып жетілік» слайдтары)
ІІІ кезең «Вагон» ойыны.
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей. Екі топ бір уақытта тақтаның артына жазылып тұрған сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз жазады, келесі оқушы соңғы дыбысынан басталатын тағы басқа сөз жазады, т.с.с.жалғаса береді, вагон тіркелген сияқты. Уақыт біткен соң тексеріледі. Бір сөз – бес ұпай. Әр топқа сәттілік тілеймін! Ал, бастайық!
IV кезең «Бейнесұрақтар». (интербелсенді тақтада көрсету)
V кезең «Ғажайып қазақ тілі» деп аталады.
Бұл кезеңде, балалар, сендер мультимедиалық бағдарламада жұмыс істейсіңдер. Сұрақты дұрыс тыңдап, суретін тауып, шыққан сөздің буын түрін атау керексіңдер. Суретті дұрыс тапқан үшін 10 ұпай, буын түрін дұрыс атасаңдар тағы 10 ұпай аласыңдар. Ал егер де суретті бірінші рет таба алмасаңдар, ұпайларын екі есе кемиді, онда 10 ұпайдың орнына 5 ұпай аласыңдар, ал буын түрін дұрыс атамасаңдар 10 ұпай орнына 0 ұпай болады.
Қорытынды:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңген топты марапаттау, сыйлықтар беру. Осымен ойынымыз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рақмет!