Сабақтың тақырыбы: Қазақстан
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сұрақты саналы түрде түсініп, толық жауап беруін талап ету.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтауын дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған жеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілі
Сабақтың әдістері: мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, аудару, даталарды түсіндіру, ойын, жаттау, жазу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интербелсенді тақта, кесте, эл.құрал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Лексикалық минимум (3 мин)
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс айлары қандай?
- Қазір қай ай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Сабақта кім жоқ?
- Көңіл-күйлерің қандай? (смайлик арқылы көрсетеді)
- Балалар, мен сендерге бүгін сәттілік тілеймін
ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу; сабақтың мақсатымен таныстыру. (5 мин)
Интербелсенді тақтадан Қазақстан картасын көрсетіп, сұрақ қою: №1
- Бұл не?
- Бұл карта.
- Бұл ненің картасы? Қай жердің картасы?
- Бұл Қазақстан картасы.
- Дұрыс. Сонымен, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Әрине. Сабағымыздың тақырыбы - Қазақстан, - деп аталады.
- Сабағымыздың мақсаты: жаңа сөздермен танысамыз, олармен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырамыз; қойылған сұрақтарға толық жауап береміз, лексикалық тақырып бойынша сөйлей алу дағдысын қалыптастырамыз.
- Балалар, ҚАЗАҚСТАН дегенде көз алдарына не елестейді? Қандай сөздер ойға келеді? (интербелсенді тақтада карта суретінің жан-жағына сол сөздерді жазып тұрамын) №2 (3 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ:
1) Сөздік жұмысы: (10 мин)
Ø Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру.
Отан – Родина
Елбасы – Президент
Елорда – столица
Жер – земля
Қала – город
Ø Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
а) мұғалім мәнерлеп оқиды;
ә) оқушылар дауыстап қайталайды;
б) оқушылар тізбектеп оқиды.
- Сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру. («Білім кілті» жетондары)
- Балалар, осы сөздердің ішінде қазақ тіліне тән дыбыс бар ма?
- Ол қай дыбыс?
- «Қ» қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қай түріне жатады?
- Қатаң
- Елбасы, елорда деген сөздер екі түбірден тұрады екен, бұл қандай сөздер?
- Біріккен сөздер
2) Мәтінмен жұмыс: (5 мин)
Аудиотаспадан мәтінді (5-тапсырма 41 бет) тыңдату. (4.1.5)
- Балалар, мәтінді мұқият тыңдаймыз.
- Балалар, мәтіннен не түсіндік? («Білім кілті» жетондары)
ІV. Сергіту сәті: №3 (2 мин)
Оң қолымда «бес» саусақ
Сол қолымда «бес» саусақ
5-ке 5-ті қосамыз
Алақанды ашамыз
V. Жаңа сабақты бекіту: (10 мин)
1. Оқулықпен жұмыс.
2-тапсырма 40 бет. Үлгі бойынша сөйлесу. (жұптық жұмыс). Бір жұпты жатқа сұрау.
2. Дәптермен жұмыс. №1 жұмыс дәптері 22 бет («Білім кілті» жетондары 3 жетон)
VI. Сабақтың қорытындылау: №4 (3 мин)
- Сен қайда тұрасың?
- Қазақстанның жері қандай?
- Қазақстанның елбасы кім?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
VІI. Үй тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. (5-тапсырма 41 бет) №5 (1 мин)
VІII. Бағалау. («Білім кілті» жетондарын санап баға қою) (3 мин)