Текст
«Тәні саудың жаны сау» деп халқымыз айтқандай, тазалық – қашанда денсаулықтың кепілі. Адам баласының өміріндегі кез келген ісінде тазалықтың тәрбиесі басты орында тұрады. Ендеше «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп, дана халқымыз айтқандай, қыстан шығып, көктемнің мамыражай, жайма-шуақ күндерінде бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері мектеп ауласын қоқыстан тазалап, орта және жоғарғы буын мектеп оқушылары ағаш отырғызып, түбін түптеп, көкөніс, картоп отырғызылатын алаңдарды тазалап, қазба жұмыстармен, аббаттандырумен айналысты. Мектеп қызметкерлерінің ұжымы бояу, ақтау жұмыстарын қолға алды. Бұл жұмыс тек мектеп көлемінде емес, Бурабай кенті көлемінде атқарылған жұмыс болып табылады.