Текст
Аудандық on-line семинар 2020 жылдың 21 желтоқсанында Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде zoom платформасында on-line семинар өтті. Семинарға Атамекен ауылының орта мектебі, Қарашілік орта мектебі және Оқжетпес орта мектебі сынды ресурстық орталық мектептері қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Н. Нурушева әріптестерін мектептің жаңа нысандағы әдістемелік жұмысымен таныстырды, TREND ТОП көшбасшылары өз топтарын ұсынды. Одан әрі бірлескен жұмыс жоспарланған.