ЖҮСҮПОВА ЗУХРА – Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы. Оқу озаты, мектеп белсендісі. Аудандық ән, өлеңдер байқауының жеңімпазы. Аудандық, облыстық, республикалық еркін күрестің жүлдегері. Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшесі.
"Жер жаннаты - Бурабай"
О, туған жер! Төсіңді аш мен келемін,
Далаң жұпар иісің қош кермек едің.
Сенде туып, сенде өсіп, сенде гүлдеп.
Сенде ғана жайнаймын тербелемін.
Қазақстанның жер жанаты, жасыл елім,
Кіндік қаным тамған ел, туған жерім.
Мақтанарлық елімнің тарихы бар,
Сол тарихи мұраға бас иемін.
Туған жерім əрқашан қымбат маған,
Үнсіз ғана,табиғатпен сыр ақтарам.
Бурабайым əр күні көркеюде,
Бақ келсін еліміздің əр үйіне.
О, Бурабай! Желіңменен желденем,
Солтүстіктің ең керемет жері дер ем.
Бұл өңірге бір рет болсын бармасам
Өмір сүріп мен несіне сенделем..
Көкшетау,
Айнакөл,
Таза жер!
Сағынышым өтінем маған маза бер.
Қарасаң көз тоймайды табиғатқа
Пах, шіркін! Бурабайға не жетер ед!
Сүйемін қазағымның суын, тасын,
Туып-өскен жерімді ұмытпаспын.
Алыс шықсам,асығып сағынатын,
Бурабайым əрқашан жадымдасың.
Тек өзіңнен, өркендеп биіктермін,
Айығып барлығынан күйік шердің.
Аттансам мен алысқа алып ұшып,
Қайта саған оралып сүйіп келдім.
Жырақтасам,аңсарым ауған саған,
Дарынды жастарымен, мақтанам.
Өзіңе ақын қызың жыр жазады,
Туған жер – Бурабай деп, жүрегі жыр ақтарған.
Туған жерім, тұғырым, думан далам,
Сыйладың сұлу сөзбен жырдан маған.
Жасай бер, гүлдене бер, ұлы дала,
Жетпейді жеті айналсам саған ғалам